Холецистит дегеніміз не

Холециститcholecystіtіs; грек. chole — өт, kystіs — қап және іtіs — қабыну — өт қабының қабынуы. Өте жиі кездесетін әсіресе әйелдерде ауру. Холецистит дұрыс тамақтанбаудың салдарынан өттің дұрыс ағып өтпеуінен, аз қозғалудан, әр түрлі инфекцияның түсуінен іш таяқшалары, кокктар, т.б. Холецистит тұқым қуалайды. Аурудың ағымына қарай жедел және созылмалы түрлері ажыратылады. 2 — 3 күннен кейін сары аурумен ауырғандай терісі, көздің ақ қабығы сарғайып, кіші дәреті қара қоңыр түске боялады. Егер жедел Холециститті дер кезінде емдемесе, онда созылмалы түріне ауысады. Бұл кезде науқастың сәл майлы тамақ ішсе, оң жақ қабырға асты сыздап ауырады. Жүрегі айнып, құсады, аузы құрғайды.

Ауру басталуы келесі синдромдармен беріледі Ауырсыну Диспепсиялық Қабынулық Асқазан ішек жолдарының функциясы бұзылуы Липидті алмасудың бұзылуы клинико-лабароторлы көрсеткіштер ХолецистостатикалықЖалпы өт жолының бітелуі Үрдіске басқа ағзалар мен жүйелер қосылуы. Aуыруы эпигастрий аймағында басталып,кейін оң жақ қабырға астына ауысады. Кейбір науқастарда іштің ауыруы өт қабы және өт жолдарының тұсында басталып,жоғары немесе іштің оң жақ жартысына тарайды.